Тайынша аудандық көпсалалы емханасында асқазан-ішек жолдарын диагностикалауға бағытталған заманауи эндоскопия кабинеті ашылды.
Эндоскопиялық тексеру — Қазақстан үшін эксклюзивті зерттеулерді орындау мүмкіндігі іске асырылды: эндосонография, фиброхоледохоскопия, сондай-ақ күрделі эндоскопиялық емдік және реконструктивтік манипуляциялар. Эндоскопиялық операциялар амбулаториялық деңгейде, күрделі операциялық эндоскопиялық манипуляциялар аурухананың хирургиялық бөлімшелеріне жатқызу кезінде орындалады.
Бөлімшеде міндетті түрде бірінші және жоғары санатты эндоскопист-дәрігерлер жұмыс істейді. Міне, осы дәрігерлік мамандығын меңгерген жас маман – Ахнаев Жандос Бизақұлы. Бүгінгі таңда хирург дәрігер ретінде талай емделушілердің алғысына бөленіп, Тайынша аудандық көпсалалы аруханасында еңбек атқаруда. Ақ халатты абзал жан өзі еңбек атқарған соңғы 3 жылда 1000-ға жуық адамға ем жасаған. Ол Қарағанды медицина академиясының түлегі. Эндоскопия тақырыбы бойынша мамандандырудан өткен жас маман ашылған жаңа кабинеттегі жұмысында заманауи диагностикалық және операциялық жабдықтармен диагностика, емдік эндоскопиялық процедуралар мен манипуляциялар жасайды, эндоскопия арқылы қатерлі іш құрылысының ауруларының алдын алуға болады. Жас маман, іске сәт!
P.S. Дәрігер-эндоскопист Жандос Бизақұлы - Тәуелсіздік құрдасы. Отбасында зайыбы Ділмұхаш Әсемгүл дәрігер-невропатолог.
Гүл ЖАМАШҚЫЗЫ, «Тайынша таңы»
Қаралым саны: 44