Жаңа жыл қарсаңында жаңа зауыт

Тайынша қаласында жаңа жыл қарсаңында құрамажем зауыты ашылды. Жалпы “Элеватор Тайынша” серіктестігі астықты қабылдап, оны кептірумен және сақтаумен айналысады. Енді қосымша элеватор төңірегінде тағы да бір жаңа жұмыс орны пайда болды. Осы құрамажем зауытын іске қосу үшін инвестрдің жеке қаражатынан1 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалған. Өндіріс ошағында шикізаттың 30 –дан аса түрі шығарылмақ. Жалпы, кәсіпорынның қуаттылығы жылына 130 мың тоннаны құрайды.

Бүгінгі таңда “Элеватор Тайынша” ЖШС директоры Шиназбек Балқыбек Жайлауұлы облыс әкіміне бар жағдайды айта келіп, зауытта өнімді 50 келілік қаптарға және биг-бегтерге салатын арнайы кешен орнаттық. Элеватордың сыйымдылығы 50 мың тоннаны құрайды. Бұған қоймалық орындар мен екінші элеватор бар. Оның қуаттылығы 120 мың тоннаны құрайды, деді.Элеватордың өзінде 120 адам еңбек етеді.Жалақы 100-115 мыңнан кем емес.Ал, осы элеватор арқылы жастар осы жерде кейін еңбек атқару үшін оқуға бару мүмкіндігі де бар.

Өндіріс ошағын іске қосу үшін арнайы еуропалық құрылғылар сатып алынған, сонымен қатар,отандық кәсіпкерлердің де құрылғылары бар.Алдағы уақытта “Элеватор Тайынша” кәсіпорнында үй жануарларының барлық түріне арналған құрамажем әзірленбек.Зауыт өнімдері әзірге облыс көлемінде, кейін Ресей еліне де шығу жоспарымыз бар, дейді басшы.Осы сапары барысында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов бұл жобаның маңыздылығын ерекше атап өтті.Сонымен қатар,өз сөзінде:

– Сапалы сүт пен ет алу үшін сапалы азық болу керек. Осы орайда азықтың тұрақтылығын қамтамасыз ету қажет. Құрамажем осындай кәсіпорындарда дайындалып отыруы керек. Зауыттың іске қосылғаны тауарлы-сүт кешендер мен құс фабрикаларының жұмысын одан әрі дамытуға көп көмек. Алдағы уақытта құрамажем зауытының өнімдеріне деген сұраныс мол болатынына күмән жоқ, деді.

Жаңа кәсіпорын ашылысымен 70 адам жұмысқа тұрды. Серіктестікте өнімдерді талдауға арналған арнайы зертхана да бар. Жоғары білімді жасмаман- агроном Ирина Шаравара осы жаңа зауытта зертханашы болып еңбек атқарады. Жас маман:

– Мұнда біз құрамажемді талдаудан өткіземіз. Негізінен, мегежіндер мен торайлар үшін азық дайындаумен айналысамыз. Жаңадан құрылған кәсіпорын ауданымыздағы маңызды өндіріс ошағына айналады деп ойлаймын, деп өз ойын білдірді.Ал, оператор-администратор Заам Владимирдің де зауыттағы жұмыс орны асқан жауапкершілікті қажет ететін жұмыс.Ол да өз ісінің білікті маманы.

Элеватор төңірегінде газ құрылғысы да іске қосылған, барлық құрылғылар газбен жұмыс істейді, биылғы жылы көмірдің қажеттілігі жоқ деп айтуға болады. Бұл жерде майлы дақылдарға арналған элеватор қалпына келтіріліп, астық сақтауға арналған қойма да жаңартылған.

Облыс әкімі осы сапарында “ЕМС Агро” серіктестігі еліміздегі ең ірі ет комбинатына да барды.

Келешекте “ЕМС Агро” серіктестігі еліміздегі ең ірі ет комбинаты атанбақ. Себебі, кешенді кеңейту үшін 16 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалған. Өндіріс көлемін кеңейту жылына 20 мың тоннаға дейін шошқа етін өңдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл жерде тағы 150 адам жұмыспен қамтылмақ. Комбинаттағы құрылыс жұмыстары келесі жылдың басында қолға алынады деп жоспарлануда.

Құмар Ақсақалов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Бір жарым жылдың ішінде ферманың сыйымдылығы 50 мың бас шошқадан 100 мыңға дейін өсті. Ал енді тіпті 200 мыңға дейін жетіп отыр. Бұл ет өндірісі мен экспорттың артуына айтарлықтай жақсы жаңалық, деді.

Гүл Жамашқызы, «Тайынша таңы»

29.12.2021
Қаралым саны: 41