ЖАСТАР ФОРУМЫ

Бүгін аудандық мәдениет үйінде ең белсенді, спорт сүйер, іскер, өнерлі тайыншылықтардың қатысуымен «Жастар — тәуелсіз Қазақстанның болашағы» форумы өтті.
 
Форумды аудан әкімі Берік Әлжанов ашты. Жиналған қауымды келе жатқан Республика күнімен құттықтаған Берік Ақылжанұлы көзделген барлық жоспар орындалып, тәуелсіз Қазақстанның жастары өз дамуының жаңа кезеңінде бұдан да белсенді, кәсіби, бәсекеге қабілетті болуын тіледі.
 
💭 «Ауданымызда 9 мыңнан астам жастар бар. Сіздерді Отанымызға пайдалы, патриот болуға бар күш-жігерлеріңізді салуға шақырамын», - деп атап өткен Берік Ақылжанұлы аудан жастарының лайықты өкілдеріне алғыс хаттар табыстады. 
 
Аудан әкімінің Алғыс хатарымен Теңдік орта мектебінің директоры Сейтжан Шаймерденов, Тайынша қаласының №4 орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Вячеслав Нежинский, Келлер ауылдық округінің бас маманы Бейсенова Құндыз, аудандық «Тайыншинские вести» газетінінің фототілшісі Анна Корж, «Доброволец» еріктілер қозғалысының жетекшісі Надежда Божко, Балалар өнер мектебінің хореографы Айымгүл Нықышева марапатталды. 
 
Спикерлердің қатарында, Тайынша АКА дәрігері Арзиматов Оділжан «Еңбек» бағдарламасының қатысушысы, Тайынша қаласындағы №1 орта мектебінің қазақ тілі мұғалімі Анастасия Матченя, Надежда Божко, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарында қызмет еткен Талибов Сүлейман және республикалық «Бала дауысы» байқауының лауреаты Әсел Ташмақанова бар.
 
Жиналғандар назарына облысымыздың танымал «Меломикс» тобының концерті беріліп, кіреберістен қонақтарды түрлі-түсті фотозона, қолөнер шебері Юлия Голуб пен қас үлгілеу шебері Диананың Болатова қарсы алды. 
 
Аға ұрпақ тәжірибесі жастардың жігерімен үйлесім тапқан қоғам, әдетте, табысты болады. Ғылыми-техникалық прогрестің әсерінен әлем тез өзгеріп, бәсекеге қабілеттілік айқындаушы тенденцияға айналып отырған қазіргі кезеңде жастарға тән белсенділік ерекше сұранысқа ие.  Алға, Тайынша жастары! 

ЖАСТАР ФОРУМЫ

20.10.2022
Қаралым саны: 42