Ел тыныштығы мен қоғам қауіпсіздігін сақтауда сауысқандай сақ, қырандай қырағылық танытатын полицейлерге қандай құрмет көрсетілсе де артық емес.
Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері де түрлі оқыс оқиғаларда өз шеберліктерін танытып, ерліктерімен көзге түсуде. Бұл полиция қызметкерлерінің жұмыс бабында кездескен жанкешті оқиғалары өте көп. Аудан тәртіп сақшылары қоғамдағы құқықтық тәртіпті, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде аянбай еңбек атқаруда.
Қазақстан Республикасы Полициясының құрылғанына 30 жыл толуына орай аудандық мәдениет Үйінде салтанатты іс-шара өткен болатын. Мерекелік іс-шара барысында қызмет бабында өз өмірін құрбан еткен полиция қызметкерлерін жиналған барша халық бір минут үнсіздікпен еске алды. Мерекелік іс-шараға аудан әкімі Р.Ә.Аңбаев қатысып, тәртіп сақшыларын төл мерекелерімен құттықтап, ақ тілегін жолдады. Тайынша ауданының полиция бөлімінің бастығы Н.Ж.Ақтанов сөз кезегінде барлық полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Салтанатты кеште қызметтік міндеттерін адал атқарып, жұмыста жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген бірқатар полиция қызметкерлері мен бөлімнің басқа да мамандары жоғары марапатқа ие болды. Мерекелік іс-шара ән-жырға ұласты.
Гүл ЖАМАШҚЫЗЫ, журналист
01.07.2022
Қаралым саны: 47
Қаралым саны: 47