2021 жылдың 24 желтоқсанында Тайынша ауданының әкімі Р.Ә.Аңбаевтың қатысуымен аудандық мәслихаттың кезекті 11 сессиясы өтті. Сессия жұмысына «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М. Ж. Хамзин, атқарушы органдардың басшылары, ауылдық округтердің және Тайынша қаласының әкімдері, БАҚ өкілдері қатысты. Сессия Aitube платформасы арқылы тікелей эфирде көрсетілді.
Депутаттар мынадай жоспарланған мәселелерді қарады:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихаты хатшысының 2021 жылы үшін атқарған жұмысы жөніндегі есебі туралы;
2. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының 2022 - 2024 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы;
3. 2022 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдауы көрсету туралы;
4. 2022 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы;
Барлық қаралған мәселе бойынша шешімдер қабылданды. Сессия барысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесіне орай, белсенді депутаттық қызметі және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі еңбек үлесі үшін аудандық мәслихат депутаты Айгүл Бағдатқызы Әбдрахманова Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамотасымен марапатталды. Құттықтаймыз!
Гүл ЖАМАШҚЫЗЫ, «Тайынша таңы»
Қаралым саны: 37