ТАЙЫНША АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ, АСЫЛ ТҰЛҒА

Қазақтың топжарған тарланбозы, өзінің ақыл-қайратымен, мол абыройымен көпшіліктің алғысына бөленіп жүрген қоғам қайраткері, ардақты ел ағасы – Жабал Ерғалиұлы 70 жасқа жетті.
 
Осы мерейтойға арналған мерекелік іс-шараның басы, әрине, ата жұртқа тағзым етуден басталды. Ағамыздың өзі салдырған ауыл мешітінде құран бағышталып, жиналған жұртшылық, әсіресе, алғаш осы елге аяқ бсып тұрған қадірлі меймандар елдің тарихы мен мешіттің осы жерде орналасуы және өткен өмір тарихын ағамыздың өз аузынан естіп, жалпы осы елдің өткені мен бүгінгі тыныс – тіршілігі жайында ақпарат алды. 
 
Қазақтың ән-жыры мен қара сөзі жүректі тебірентіп, балуандарымыздың белдесіп, күш сынасқанын, күмбірлеген күй мен сахналық көріністер – мерекелік іс-шараның, мерейтойдың ажарын аша түсті. 
 
Осы мерекеге қатынасқан Тайынша ауданының әкімі Б.А.Әлжанов бірінші болып сөз алып, Жабал Ерғалиұлына «Тайынша ауданының Құрметті азаматы» белгісін табыс етті. Ел бірлігі ерекше сақталған – ауыл тойы өте жоғары деңгейде өтті. 
 
Ойымызды түйіндер болсақ, «Елім» деген ерлеріміз бар болса, ел ешқашан құрымайды, ауылдар жоғалмайды. Ауылдың ажары – қажырлы еңбек пен қиындықтан тайсалмайтын азаматында десек, ол – шындық!

ТАЙЫНША АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ, АСЫЛ ТҰЛҒА

21.10.2022
Қаралым саны: 33