2021 жылдың 20 желтоқсанында «Nur Otan» партиясының Тайынша аудандық филиалында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, халық қалаулылары В. А. Ким және Л. П. Павловецпен кездесу өтті. Кездесуге Тайынша ауданы әкімінің орынбасары Г.К. Батенова, аудандық мәслихат хатшысы С. М. Бекшенов, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М. Ж. Хамзин, «СҚО әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ басшысы К. К. Оспанов, Қоғамдық кеңес төрағасы К. К. Шәріпов, еріктілер тобы, жастар және партия белсенділері қатысты.
Кездесу барысында халық қалаулылары қоғамдағы күрмеуі шешілмей жүрген мәселелерге тоқталып, ой бөлісті. Жиынға қатынасқан жастар өздерін толғандырып жүрген ой-пікірлеріәмен бөлісті. Аудандық Ардагерлер кеңесінің төрайымы Н.В.Попова қоғамдағы жастардың орны, оладың қоғаммен, ардагер қариялармен тығыз байланыста екенін мақтанышпен айтты. Осы бағытта аудан көлемінде атқарылған жұмыстарға, әртүрлі іс-шараларға тоқталып өтті. Қ.К.Шәріпов қоғамдық кеңес төрағасы ретінде ауданда атқарылған жұмыстармен қатар, жеткен жетістіктерге тоқталды. Сонымен қатар, Парламент Мәжілісінің депутаттары қаладағы №5 қазақ орта мектебінде де болып, ұстаздармен, мектеп бітіретіп биылғы түлектермен пікір алмасты.
Гүл ЖАМАШҚЫЗЫ, «Тайынша таңы»
Қаралым саны: 36