2019 жылдан бастап Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жалғасуда. Акцияның басты мақсаты – балалардың жаңа оқу жылына дайындығын пысықтау.
2022 жылды Балалар жылы деп жариялауына байланысты қайырымдылық акциясына ерекше көңіл бөлініп, биыл акция «Дорога в школу - Добро без границ» ұранымен өтуде.
«Мектепке жол» акциясының мақсаттарының бірі – әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға оқу-тәрбие үдерісін табысты дамыту үшін материалдық көмек көрсету.
Ауданның білім беру ұйымдарында оқушыларды мектепке дайындауға көмек көрсету жұмыстары жүргізілуде. Көмекке мұқтаж балалардың мәліметтер базасы құрылды.
Балаларды мектепке дайындауға көмектесемін деушілер Тайынша ауданының білім бөліміне тікелей хабарласа алады. Байланыс телефоны 21259 немесе тұрғылықты жері бойынша білім беру ұйымына хабарласуға болады.
Қаралым саны: 34