Мұрағат немесе Архив – тарихи маңызы бар құжаттар сақталатын мемлекет арнаулы мекеме. Мекемелердің ескі құжаттарын сақтайтын бөлімі немесе жеке тұлғаның өмірі мен қызметіне байланысты жинақталған жәдігерлер жиынтығы да архив делінеді.
Осындай тарихи құндылықтардың мекені біздің Тайынша ауданында да бар. Негізі сонау өткен ғасырдан бастау алған бұл жұмыс орны бүгінгі таңда өз жұмысын жалғастыруда. Кез келген уақытта барып, мұрағатшылардан кеңес алуға, өзіңізге қажетті деген құжаттарыңызды бауып алуға барлық жағдай жасалған. Тіпті шетел асып кеткен жерлестеріміз де хабарласып, өздеріне қажетті құжаттар немесе мәліметтер жайында хабарласып тұрады екен. Жалпы мекеменің атқаратын қызметтері, әрине, жас ұрпаққа қызықты. Сонымен қатар, жас жеткіншектер мектепте алған білімдерімен қатар, бұл жерден де тарихи мағлұматтар алады.
Тайынша аудандық мұрағатында «Архив және болашақ ұрпақ» жобасы аясында Ашық есік күні өтті. Осы мекемеде 34 жыл еңбек атқарған Т.В.Солуня мен 24 жыл еңбек өтілі бар Т.Браун жиналған оқушыларға сол өздері еңбек атқарған жылдардағы еңбек жолдарын, кездескен қиындықтар мен қызықты уақиғаларды әңгімелеп берді. Бұл мамандықтың қиындығымен қатар, қызықты жақтарын да айтып, кәсіптік бағдар берді.
06.10.2022
Қаралым саны: 36
Қаралым саны: 36