«AMANAT» партиясы Тайынша аудандық филиалының Партиялық бақылау бекетінің мүшелері Тайынша қаласының №1 орта мектебі мен Вишневка орта мектебінің құрылыс нысандарына мониторинг жүргізді.
Еске салатын болсақ, бұл нысандарда кемшіліктерді анықтау және оларды шешу мақсатында Партиялық бақылау бекеттері ашылған болатын. Партиялық бақылау бекеттері апта сайын бұл нысандарды тексеретін болады. Тайынша қаласының №1 орта мектебінің құрылысы жылдам қарқын алды деуге болады. Бас мердігер «Зерттеу СК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі жұмыс өндірушісі Д.К.Малгаждаровтың айтуы бойынша, жұмыс күнделікті жақсы қарқынмен атқарылуда.
Жаз бен күздің жылы күндерінде уақытымызды тиімді пайдаланып жұмысымызды атқарып жатырмыз, дейді басшы. Д.К.Малгаждаровтың бұл бесінші жұмыс нысаны екен. Осы уақытқа дейін пайдалануға берілген нысандары бойынша ескерту, сөгіс алып көрмеген жас маманның сөзіне сенсек, келер жылы жаңа мектептің пайдалануға берілетініне сенім мол. Бұл жерде құрылыс жұмыстары биыл маусым айында қолға алынды. Ал, 2023 жылы 31 желтоқсан, яғни жыл соңына дейін білім ошағының есігі айқара ашылады деп үміттенейік.
Гүл Жамашқызы, «AMANAT» партиясы Тайынша аудандық филиалының Партиялық бақылау бекетінің мүшесі.
18.08.2022
Қаралым саны: 39
Қаралым саны: 39