МӘРТЕБЕЛІ МАРАПАТ ИЕЛЕРІ

Биыл теміржолшылардың төл мерекесі – Көлік қызметкерлерінің күні Ұлттық компанияның 25 жылдығымен қатар атап өтілді.
 
Міне, осынау мереке күні, дәлірек айтар болсақ, Көкшетау жол дистанциясының Көлік қызметкерлері күніне арналған мерекелік іс-шарасы Октябрь стансасы төңірегінде орналасқан Аймақ ауылында өтті.
 
Бірінші болып сөз алған «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы «Ақмола магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Көкшетау жол дистанциясының бастығы Нұрлан Алтынбекұлы Мұхатаев жиналғандарды мерекемен құттықтады. Одан әрі теміржол — адамдардың тағдыры, бүкіл әлем, шексіз жолдар екенін айта келіп, өмірін темір жол саласына арнаған, осы мамандықты игерген бірқатар азаматқа марапаттар табыс етті.
 
Жергілікті басшы Сыдық Еркінбек пен бас есепші Әлия Сүлейменова теміржол майталмандарын құттықтап, өздерінің жүрек жарды тілектерін арнады. Азамат Молдахметов мырза да «Теміржол жөндеу» ЖШС-і филиалының атынан құттықтау сөз айтты. Теміржолшылар өздеріне тиісті жерде поезд қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған алғыс білдіріп, бірқатар азаматтарды марапаттап, Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табыс етті. Олардың қатарында Е.Т. Абылқасымов, Е.Т. Рахимжанов, Ж.Б. Ашимов, Р.Т. Мусин, А.А.Магзумов, Е.А. Баймаков, Е.А. Шепшук. «Ақмола магистральдық желі бөлімшесі» филиалының атынан да осы саладағы әр түрлі маман иелеріне Құрмет грамотасы табысталды. Сонымен қатар, осы бөлімнің өндірістік-техникалық бөлім бастығы В.Х. Бекбергенов «Адал еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Ал, А.Д. Кульжанов «Кәсібі бойынша үздік» атағын алды. Осы салада абыройлы еңбек атқарып, бүгінгі таңда зейнеткер ардагерлеріміз де бұл күні ескерусіз қалған жоқ. Өз мамандықтары бойынша адал еңбек етіп, бүгінгі таңда зейнеткер О.Қ. Рыспаева мен М.И. Силиванов та жиналғандарды кәсіби мерекелерімен құттықтады. Көп жылдар теміржол саласында еңбек еткен Орынбасар Ғазизқызы жылы лебізін арнады.
 
Ел азаматтары Б.Қ. Сағындықов пен О.С. Құттығожин осы мерекелік іс-шараның ойдағыдай өтуіне ат салысты. Ән-шашуға ұласқан мереке күнінде спорт ойындары да ойналды. Мерекелік ән-шашу аймақ негізгі мектебінің өнерпаздарымен басталды. Ұстаздар қауымы жерлестеріне ән айтып, би билеп мерекенің ажарын аша түсті. Мерекелік іс-шара барысында қазақтың қара домбырасынан күй шертіліп, сырнай ырғағымен ән айтылды.

МӘРТЕБЕЛІ МАРАПАТ ИЕЛЕРІ

18.08.2022
Қаралым саны: 35