Наурыз айының 14 күні қазақ халқының көнеден келе жатқан дәстүрлі мерекесі – Көрісу күні деп аталады. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінің ауқымын кеңейту үшін төл жаңа жылды күн мен түн теңелерден 10 күн бұрын бастау әдетке айналып келеді.
Он күндік думанды мазмұнды ету аясында Көрісу күні ресми шаралардың қатарына қосылып, бүгінде бүкіл қазақ білетін айтулы күнге айналып отыр. Бұл мерекені Амал мерекесі деп те атайды. Ежелден келе жатқан ата салтымыз бойынша жастар осы күні үлкендерге сәлем беріп, батасын алады. Жұрт бір-біріне ақ тілегін арнайды. Амал мерекесін Наурыздан бөле-жара қарауға болмайды. Ол – Наурыздың алғашқы жаршысы іспеттес.
Балаларды қазағымыздың салт-дәстүрлерінің бірі амал мерекесінің ерекшелігімен таныстыру және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, сыйластыққа баулу мақсатында «Айгөлек» балабақшасының тәрбиеленушілеріне наурыздың осы бір керемет мерекесі туралы ақпарат берілді. Балалар үлкен қызығушылықпен бейнероликті тамашалап, өздері де бір-біріне жақсы тілектер айтты.
Жанаргүл МҰРАТҚЫЗЫ
Қаралым саны: 73