Бүгінгі таңда Тайынша пошта байланыс торабының аудан бойынша 18 пошта бөлімшелерінде 117 қызметкер халыққа міндетті пошта қызметін көрсетеді. Қыстың суық, боранды күндері мен жазғы жауын-шашында да пошта қызметкерлері жұмысын тоқтатқан емес. Бұл жұмыс орнында басшылықта Исса Гериханович Боков. Пошта қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында ол Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының «Еңбек озаты» медалімен марапатталды.
Ал, үйді-үйге жүріп, халықтың алғысына бөленген хат-хабар тарататын пошташы қызметкерлердің қатарында 1981 жылдан Терещенко Галина Викторовна бар. Тайынша жұртшылығына танымал пошташы 40 жылға жақын осы салада еңбек атқарып келеді. Өз жұмысына тиянақты пошта қызметкері, ал отбасында аяулы ана, немерелерінің ақылшы әжесі Г.В. Терещенко.
Ал, қызы Юлия Сергеевна 2019 жылдан ана жолын қуып, пошта қызметкері. Отбасында Лера атты қызы өсіп келеді. Қаладағы №2 орта мектепте 2-сыныпта оқиды. Жалпы пошта саласының қызметкерлері және зейнет жасындағы ардагерлер, сонымен қатар біздің бүгінгі кейіпкерлеріміз, жақсы хабарлардың жаршысы бола беріңіздер!
14.10.2022
Қаралым саны: 37
Қаралым саны: 37