«Нұр Отан» партиясы кеңсесінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Г.Бәтенова, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат істері басқармасының өкілдері – бөлім басшысы Әсем Сүлейменова, бас маманы Әсел Бимаханова, облыстық тілдерді оқыту орталығы директорының орынбасары Орал Сәбитұлы Жанатов, СҚО бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының халыққа қызмет көрсету жөніндегі Тайынша аудандық бөлімінің басшысы Антон Тупицынның қатысуымен «Қазақ тілі шағын бизнесте» тақырыбында облыстық семинар-тренинг өткізілді.
Семинар-тренингте алғашқы сөз алған аудан әкімінің орынбасары Г.Бәтенова:
- Бүгінгі таңда шағын және орта бизнесті дамыту ел экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды факторлардың бірі болып табылады. Бизнес саласында қазақ тілін қолдану маңызды мәселе болып отыр. Сондықтан осы бағыттағы жұмысты жүйелі түрде жалғастыру керек. Адамдар түрлі қызмет түрлерін қазақ тілінде көрсетуді талап ететін жағдайлар жиі кездеседі. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат істері басқармасы осы мәселеге барынша назар аударады.Қазақ тілінде мәтіннің немесе ақпараттың сауатсыз жазылғанын жиі кездестіруге болады, сондықтан басқарма мамандары тіл саласында ҚР Заңнама нормаларын түсіндіру бойынша акция өткізеді, көрімделген ақпаратта қателерді тексеру бойынша рейдтер жүргізеді. Биыл мамандарға көмек ретінде халыққа қызмет көрсету саласының мамандары үшін орысша-қазақша сөздігі әзірленді, оларды бүгін семинарға қатысушыларға таратып береміз. Облыстық тілді оқыту орталығында тегін курстар өткізіледі, - деп аудан әкімінің орынбасары Гүлбаршын Қахарманқызы ерекше атап айтты.
Келесі кезекте мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат істері басқармасының маманы Ә.Бимаханова бизнес пен тілге қатысты ҚР Заңнамасының баптарына толығырақ түсініктеме берді. Әсел Тұрсынбаева әр мемлекетте өзінің мемлекеттік тілі болатынын атап өтіп, бірқатар мемлекет бойынша негізгі ұлттың тілін қолданатын жағдайларға нақты мысалдар келтіре отырып, республикамыздағы қазақ және орыс тілдерінің құқықтық мәртебесі туралы әңгімені жалғастырды.
- Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы – мемлекеттік тілді меңгеру, бұл Қазақстан халқын біріктірудің маңызды факторы болып табылады. Үкіметтік және мемлекеттік органдар, жергілікті өкілдік және атқарушы органдар барынша мемлекеттік тілді дамытып, оның халықаралық беделін нығайтып, тілді еркін меңгеру үшін барлық қажетті жағдайларды жасап, қазақ диаспорасына туған тілін сақтап және дамытуда көмек көрсету керек, - деп маман қызмет көрсету саласының мамандары үшін, РФ-ның Қазақстанмен шекаралас орналасқан аумағында тұратын қазақ ұлты халықтарын қолдау ретінде тіл курстары ашылғанын тілге тиек етті.
Бизнес саласын дамыту туралы сөз қозғағанда, мемлекеттік қызметтің сапалы көрсетілуіне басты назар аудару керек, осы жерде мемлекеттік тілде қызмет көрсетуді атап өткен жөн. Осы бағытта халыққа қызмет көрсету орталықтары көп жұмыс атқарады. СҚО бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының халыққа қызмет көрсету жөніндегі Тайынша аудандық бөлімінің басшысы А.Тупицын атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.
- 2021 жылы филиал 27 372 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде 35 пайызы қазақ тілінде. Көбінесе бұл қызмет түрлері АХАЖ бағыты бойынша ұлттық қазақ дәстүрі бойынша баланың туу туралы куәлігін алуда кездеседі,-деп мәлімдеді А.Тупицын. Сонымен қатар ол филиалдағы жаңа тәртіп туралы сөз етті. Келесі кезекте семинар қатысушылары қазақ тілі бойынша тренинг жүргізді. Жиналыс соңында қарастырылған тақырыптар талқыланып, семинарға келген қатысушылар сұрақтарына жауап алды.
Гүл ЖАМАШҚЫЗЫ.
Қаралым саны: 44