ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРИЯЛАРҒА ҚҰРМЕТ

Ақыл-парасат пен өнеге-өсиеттің шырағы болған қазыналы қарттар күніне орай аудан әкімі Б.А.Әлжанов аудан ардагерлерімен кездесті.
 
Біздің қарияларымыз – еліміздің алтын қоры, салт-дәстүрдің шырақшылары. Әрқашанда қоғам аға буын өкілдеріне зор құрмет көрсетіп, олардың аса құнды кеңестері мен ақыл-парасатын, ғұмырлық ғибратын үлгі тұтатыны мәлім. Бұл қастерлі мейрам - тәуелсіз еліміздің дамуына және қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан аға-ұрпақ өкілдеріне деген еліміздің үлкен құрметі мен зор қамқорлығының белгісі. Аталмыш мереке күні қарсаңында алдыңғы толқын аға-апаларымызға арналған түскі ас беріліп, құрмет көрсетілді.
 
Аға буын ардагерлер бас қосқан мазмұнды кеште тек жүрекжарды тілек пен ақжарқын әңгімелер айтылды. Сонымен қатар, мерекелік іс-шара барысында әр еңбек саласында ұзақ жыл қызмет атқарған қариялар өз естеліктерімен бөлісіп, жастық шақтың жарқын сәттерін еске алды. Өздеріне көрсетілген ықылас пен құрметке риза болған қарттар аудан әкіміне алғыс білдіріп, жаңа аудан әкіміне ақ баталарын берді. 

ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРИЯЛАРҒА ҚҰРМЕТ

12.10.2022
Қаралым саны: 28