Білім беру балабақша табалдырығынан басталады десек ешқашан қателеспейміз. Барлық білімнің бастауы – балабақшада. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуына педагогтардың заманауи инновациялық технологияларды қолдана білу сауаттылығына да байланысты.
Тайынша қаласындағы «Қарлығаш»балабақшасы» мектепке дейінгі мекемесі 17 жылдан бері жас ұрпаққа тәрбие мен білім беріп келеді. Балабақша қызметкерлері ынтымағы жарасып, бір отбасындай тату-тәтті еңбек етеді. Барлығы бір отбасы мүшелеріндей әрқашан бірін-бірі қолдап, қуаныштарына бірге қуанып, қиыншылықтарды бірге жеңіп, балаларға қамқорлық танытады.
Ұжымымыздың көшбасшысы өз ісінің нағыз кәсіби шебері – Бурдыга Ольга Станиславовна. Балабақша меңгерушісі ретінде өзінің сырт келбетінен бастап, жұмысты ұйымдастыруына дейін бәріне үлгі бола біледі.
Бұл балабақшада кездейсоқ адам жоқ, әрбір ұстаз өзінше бірегей, барлығының мақсаты бір – лайықты азаматты тәрбиелеу. Балалармен жұмыс жасау-үлкен бақыт. Көрнекті тұлға Ахмет Байтұрсынұлы: «Балам дейтін ел болмаса, елім дейтін бала қайдан болсын» деген екен. Балабақша тәрбиешілері қай кезеңде болсын ертеңгі елім деп еңірейтін ұрпақты тәрбиелеуге тер төгуде. Бүлдіршіндеріміз балабақшаға бар ынтасымен, қуанышты көңілмен келсе, мақсатымыздың орындалғаны.
08.10.2022
Қаралым саны: 39
Қаралым саны: 39