ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН ҰЛЫ ТОЙ

Облыс орталығында өткен мерекелік жиында: 
 
– Бұл күн еліміздің тәуелсіздік алуына жасалған ең алғашқы нық қадам. Мемлекет басшысының Республика күнін жаңғырту туралы шешімін Қызылжар өңірі де қуана қолдады. Егемен еліміздің көк байрағы желбіреп, Қазақстан өркениетті елдер салған сара жолға түсті. Тәуелсіздік жылдары елімізде экономикалық және саяси қатынастар жүйесі қалыптасты. Осы уақыт ішінде Қазақстан құқықтық-демократиялық ел ретінде әлемге танылды. Қоғамды демократияландыру бағытында нақты қадамдар жасалды. Биыл өткен жалпыхалықтық референдумда солтүстікқазақстандықтар мемлекеттік басқарудың заманауи моделіне қолдау білдірді, – деген облыс әкімі Құмар Ақсақалов өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы баяндап, жеткен жетістіктеріміз бен мақтан тұтар жерлестерімізді атап өтті.
 
Солардың бірқатары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ұлы мереке қарсаңында елдің дамуына, өңірдің гүлденуіне елеулі үлес қосқаны үшін түрлі марапатқа ие болды. Олардың қатарында туған ауылының туын жықпаған серіктестік басшылары, адал еңбегімен елдің алғысына бөленген ауыл шаруашылығы мамандары, зауыт жұмысшылары, білім беру саласының өкілдері, спортшылар мен өнер иелері бар. Біздің тайыншалық жерлестеріміз де жоғары марапаттарға ие болды. Олар Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 қазандағы Жарлығы бойынша Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталған ауданымыздың Аймақ ауылы білім ошағының ұлағатты ұстазы, мектеп директоры Ораз Құттығожин және «Ерен еңбегі үшін» төсбелгімен марапатталған «Астық СТЕМ» ЖШС-нің майталман қызметкері, ауыл шаруашылығының саласының тәжірибелі маманы Талғат Хамидуллин мырза. 
 
Жоғары марапаттарыңыз құтты болсын, жерлестер!
 
Гүл ЖАМАШҚЫЗЫ

ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН ҰЛЫ ТОЙ

ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН ҰЛЫ ТОЙ

01.11.2022
Қаралым саны: 52