Киелі Тайынша елінің топырағы таяқ тастасаң тал болатын құтты мекен. Әсіресе, ауданның агросаласында толымды тірлік көрінеді. Бұған жаз бойы тыным таппаған диқан еңбегінің нәтижесіне зер салғанда көзіміз жетті. Биыл да көктем шыға кетпенін күнге сүйдіріп еңбектенген шаруалар сенім үдесінен шыға білді. Халқымыз: «Жер жомарт, жерге енген ел жомарт, еңбек еткен ер жомарт», - деп тегін айтпаса керек-ті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та өз сөзінде ауыл шаруашылығына ерекше мән беріп, «Ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес»,-деген болатын. Осы орайда диқан еңбегі қашанда марапат мінберінің алтын тұғыры. Төккен тер мен еткен еңбек еленіп жатса, тіптен ғанибет. Ал еткен еңбектің есебін беріп, ауыл шаруашылық саласын өркендетуге сүбелі үлес қосқан диқандардың даңқын асырып, дәрежесін көтеретін сәт – «Алтын күз».«Алтын күз» деп аталатын молшылық мерекесі ауданда ғана емес, республика көлемінде жыл сайын аталып өтеді. Бұл – тек тойлау ғана емес, ел етек-жеңін жинап, дала жұмыстары демін басып, табысты таразылайтын шақ. Пейілін кеңге, қырманын дөңге салған диқандардың мерекесі де берекелі күзбен тұспа-тұс келеді. Биыл да «Алтын күз» мерекесін аудан диқандары жақсы көрсеткіштермен қарсы алып отыр.
Аудан бойынша 2021 жылдың қаңтар-қазанында жалпы өнім көлемі 103,6% нақты индекс көлемімен есептегенде 121,1 млрд. теңгені құрады.
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ. 2021 жылдың 10 айында мал шаруашылығында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздік. Былтырғы жылдың деңгейіне шаққанда 3,8% өсіммен 14,7 тонна ен өндірілді, сүт 70,6 мың тонна, өсім 3,0%, тауық жұмыртқасы 118,1 млн. дана немесе 102,8%.
Бүгінгі күні ауданда 10,9 мың жалпы мал басы санымен 7 асыл тұқым өндірушы шаруашылық жұмыс істейді (сүтті бағыттағы: «Тайынша-Астық» ЖШС, «Зеленые Луга» ЖШС, «Астық-STEM» ЖШС, «Донецкое Нұрлы жол» ЖШС, етті бағыттағы: «Тайынша-Астық», «Вишневское», «Алабота асыл тұқым зауыты», «Жакупов» ШҚ). Ауданда ІҚМ асыл тұқымды мал басы үлесі 22,2% құрайды. 4 шаруашылықта 5100 басқа арналған жемдейтін алаңдары бар: «Тайынша-Астық» ЖШС - 3000 бас, «Вишневское» ЖШС - 1500 бас, «Алабота асыл тұқым зауыты» ЖШС - 500 бас, «Жакупов» ШҚ – 100 бас.
Бүгінгі таңда ауданымызда 7 сүт-тауарлы фермасы сүт өндіреді: «Тайынша-Астық» ЖШС, «Дашка-Николаевка СК» ЖШС, «Донецкое Нұрлы жол» ЖШС, «Новый труд» ЖШС, «Астық-STEM» ЖШС, «АСАР» ЖШС, «Зеленые луга» ЖШС. Аудан фермалары бойынша 2020 жылы 1 сауын сиырға орташа сауым 5475 кг құрады.
Ал, ЕГІН ШАРУАШЫЛЫҒЫНА келсек, 2021 жылға егістік жер құрылымы – 665,4 мың.га, оның ішінде дәнді дақылдар/дәнді-бұршақты дақылдар – 429,7 мың га, майлы дақылдар – 160,1 мың га, жемшөптік дақылдар – 70,9 мың га, картоп – 3,9 мың га, көкөніс – 709 га. Ағымдағы жылда егістікке 8832,9 тонна элиталы тұқым қолданылды. Сұрып жаңарту – 12 %. 2022 жылдың егістігіне дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар тұқымдарының 55,8 мың тоннасыы, майлы дақылдардың – 4,4 мың тоннасы, картоптың 7,8 мың тоннасы салынып қойылды.
Жер құнарлығын арттыру үшін аудан бойынша ағымдағы жылы 22193 тонна минералды тыңайтқыштар алуға келісімшарттар жасалды.
Жем қажеттілігімен қамтамасыз ету мақсатында 2021-2022 жылы малды қыстан ойдағыдай шығару үшін 103,0 мың тонна шөп, 59,4 мың тонна сенаж және 97,5 мың тонна сабан, 30,1 мың тонна силос дайындалды.
Ауылшаруашылық құрылымдары жыл сайын машина-трактор құрамын жаңартады, ағымдағы жылдың 10 айында 100 бірлік жаңа ауылшаруашылық техникасы алынды (20 комбайн, түрлі түрлендіргішімен 60 трактор, 16 жүк тиегіш, 5 бүріккіш, 5 тіркеме), 200 бірліктен астам құрылғылар жалпы сомасы 10 млрд.теңгеден астам.
Жыл басынан бері 350 бірліктен астам ауылшаруашылық техникасы мен олардың құрылғылары есептен шығарылды, оның ішінде 105 трактор, 30 егін жинау комбайны, 12 трактор тіркемесі.
Астық қабылдау үшін ауданда лицензиясы бар нан қабылдау мекемесі мен жалпы сыйымдылығы 407,2 тонналық элеватор жұмыс істейді.
Ауылшаруашылық жұмыстарды жүргізуге (егін, орақ) ауылшаруашылық құрылымдарына арзандатылған дизель отыны ұсынылады, одан басқа бюджеттік субсидиялар түрінде мемлекеттік қолдау көрсетіледі (инвестициялық субсидия, пайыздық үлесті субсидиялау, асыл тұқым және 1 репродукция тұқымын алуға, тыңайтқыштар, пестицидтер).
Агроқұрылымдары орақ науқанын орташа шығымдылықпен аяқтады, 11,0 ц/га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар және 7,5 ц/га майлы дақылдар бойынша. «Агроном-Тайынша» ЖШС - 21,2 ц/га, «АСАР» ЖШС - 18,4 ц/га, «Степной» ӨК - 17,6 ц/га, «Вишневское» ЖШС - 14,9 ц/га, «Степноишимская опытная станция» ЖШС - 14,8 ц/га.
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ бағытында ағымдағы жылы ауданымызда ауыл шаруашылығы саласында 3 инвестициялық жоба жүзеге асырылды: «Қаратомар» ЖШС – 3500 басқа ұсақ мал асыл тұқымды репродуктор және 5000 басқа жемдеу алаңын құру. Ағымдағы жылы бұл кәсіпорын «Солтүстік» СПК арқылы 91 млн.теңгеге қаржыландырылды. Қарағанды облысынан 1222 бас Еділбай тұқымы әкелінді. «Қаратомар» ЖШС-де өз қойларының саны 3807 басты құрайды, оның ішінде 2278 бас Еділбай тұқымының қойлары. Жоба қуаттылығы: жылына 2000 бас асыл тұқымды қой өсіру, 5000 қой жемдеу, жылына 100 тонна ет өндіру. Жобаның басталуы 2021 жылдың мамыры, осы жылдың қыркүйегінде аяқталды.
«Шұғыла LTD» ЖШС – 3000 басқа арналған қой фермасы, жоба «Солтүстік» СПК арқылы 100,0 млн.теңгеге қаржыландырылды. 1112 бас қой әкелінді (1102 - төлдейтін, 10 – өндіруші-қошқар) екі партиямен 503 бас (Шет ауданы, Қарағанды облысынан Еділбай тұқымы), 599 бас Қазақтың құйрықты қылшық жүнді қойы Ақтоғай ауданы Қарағанды облысынан. Жоба қуаттылығы: жылына 1000 бас асыл тұқымды қойға дейін жүзеге асыру. Жобаның басталуы 2021 жылдың мамыры, ағымдағы жылдың қыркүйегінде аяқталды.
«ЕМС Агро» ЖШС – шошқа кешені «ЕМС Agro» ЖШС, жоба құны 5,0 млрд.теңге, жобаны жүзеге асырудың басталуы - 2020 жылдың маусымы, жобаның жүзеге асырылу мерзімі 2020 – 2021 жылдар, жоба шошқа кешенін бір мезгілде 50 мың басқа дейін ұстауға кеңейтуді қарастырады, 100 мың бас шошқаны жемдеуге және жылына 10,0 мың тонна ет өндіруге кеңейтуді қарастырады. Жоба 2021 жылдың тамызында аяқталды. Ландрас, Ғ1 және ірі ақ тұқымды шошқа басы германия және РФ-нан әкелінді. 2021 жылдың 1 қарашасына шошқа саны 34892 басты құрайды, шошқа кешені шошқа етін өндіруді 2019 жылдың мамырында бастаған, 2020 жылдың 12 айында 5,1 мың тонна шошқа еті өндірілді, ағымдағы жылдың 10 айында 4,6 мың тонна шошқа еті өндірілді. Ферманың жұмысты бастауы жыл сайын 28-30 пайызға ет өндіруді арттыра түседі.
Міне, бұл мәліметтер ауданымыздың ауылшаруашылығы саласының бір көрінісі ғана. Аудан әкімі Р.Ә.Аңбаев мырзаның басшылығымен тың өзгерістермен қатар, бірқатар жеткен жетістіктер, атқарылған жұмыстар баршылық. Кәсіпкерлікті дамыту – өзекті мәселе десек, осы бағытта "ЕМС Агро" ЖШС Тайынша ет комбинатының жаңа дүкені тайыншалықтар үшін өз есігін айқара ашты. Аталған дүкеннің ашылуы аудан тұрғындары үшін маңызды болып табылады, өйткені бұл жергілікті жердегі өндірушінің бағасы бойынша сапалы өнім сатып алудағы таптырмас мүмкіндік. Дүкенде ет өнімдерінің түр-түрі бар, атап айтсақ ет деликатестері, ысталған ет, шұжықтың бірнеше түрі және тағы басқалар. Осылайша, ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының ішкі нарықты жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің тұрғындарды қолжетімді бағамен, сапалы өніммен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері Тайынша ауданы бойынша сәтті жүзеге асырылуда деп анық айтуға болады.
Адамзаттың бірінші сұранысы, әрине, күнделікті ішер тамағы. Елімізде тамақ өндірісімен айналысатын 2,1 мың кәсіпорын бар екен, ал соңғы он жылда сүт өнімдерін өндіретін орындар 2,7 есеге өскен. Сүт өнімдерін өндіретін компаниялар көп болғанымен, олардың сапасы әр түрлі деңгейде. «Лера - Nord» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аудан орталығында алғашқы сауда нүктесін ашты. Бұл өндіріс орнының өнімдері осы уақытқа дейін сауда нүктесі болмаса да, ауданның барлық дүкендерінде және Нұр-Сұлтан, Көкшетау мен Петропавл қалаларында саудаланып келді. Енді, міне өз алдына сауда нүктесі болып алғашқы тұтынушыларын қарсы алды.
- Саудамыз бірінші күннен-ақ қарқын алды, тауарларымыз жақсы өтіп жатыр. Дәл осылай бірінші күні саудамыз жүріп, ісіміз алға басады деп, шынымен де ойламаған едік. Бәсекелестіктен қорықпаймыз, өйткені біздің сүт өнімдеріміз сапалы, әрі бағасы да аса қымбат емес. Дегенмен, осы бизнесімізде өнімнің арзан болуына емес, сапасына көп мән береміз, - дейді директордың бүгінгі таңда міндетін атқарушы Л.А.Самойленко. Бұл бастаманы отбасылық кәсіп деп айтуға болады. Осы ЖШС-нің негізін қалаушы, басшысы, отбасының ардақты әкесі В.В.Самойленко болса, оның ісін жалғастырушы баласы, әрі осы жұмыста маман-технолог Артем Самойленконың отбасы.
23-24 қазанда Тайынша ауданы Нұр-Сұлтан қаласында өткен ауылшаруашылық жәрмеңкесіне қатысып, ауданымызда өндірілетін өнімдер ұсынылды (қарамал еті, шощқа еті, құс еті, шұжық өнімдері, кілегей майы мен сүт өнімдері, ұн, жармалар, көкөністер (картоп, қырыққабат, сәбіз).
Бетті дайындап, аудан әкімінің орынбасары Е.К. Жаров мырзамен
сұхбат жүргізген: Гүл ЖАМАШҚЫЗЫ
Қаралым саны: 55