Еңбегі еселі мал дәрігері

Тайынша ауданы орталығындағы «Ветеринарлық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығымен мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының негізгі қызметі — Тайынша ауданының аумағында ветеринариялық-санитариялық жағдайды қамтамасыз ету болып табылады. Жалпы кәсіпорын қызметінің негізгі мақсаты – жануарлар ауруларының алдын алу, оларды емдеу, ауыл шаруашылығы жануарларының толық есепке алынуын қамтамасыз ету, жануарлардан алынып өндірілетін өнімнің құнарлылығын және ветеринариялық-санитариялық жағынан қауіпсіздігін қамтамасыз ету, халықты адам мен жануарға ортақ аурулардан қорғау.
 
Мал дәрігерлері аса қауіпті аурулардан сақтандыру бойынша, сонымен қатар малдардың індеттік ауруларына ветеринарлық шараларды орындауды қамтамасыз етеді. Малдарды сою алаңдарының құрылысын ұйымдастырады және ветеринарлық нормативтерге сәйкес оларды ұстауды қамтамасыз етеді. Малға ветеринарлық паспорт береді. Аймақтағы әкімшілік-аймақтық бірлікке сәйкес аймақта әрекет ететін, ветеринарлық анықтама береді. Мал ауруларының адам денсаулығы үшін өте қауіпті екені бәрімізге мәлім. Сондықтан оның алдын алудың маңызы өте зор. Осындай жауапкершілігі мол еңбек саласында қызмет атқаратын мал дәрігерлері ауданның барлық округтерінде бар. Солардың бірі — Тоқужинов Марат Мерғасимұлы. 
 
Ол өз ісінің маманы, күнделікті еңбек барысында асқан жауапкершілік танытып, ветеринария саласының қыры мен сырына әбден қаныққан маман. Бүгінгі таңда М.М.Тоқужинов басшылық жасап отырған бұл жұмыс орнында өз ісінің нағыз мамандары еңбек атқарады. Басшының да алдына қойған талабы - өзіне тиесілі ветеринариялық іс-шараларды сапалы әрі уақытылы жүргізіп, жануарларды жұқпалы емес және жұқпалы аурулардан тазарту, қауіпті індеттерден адамдарды сақтандыру, мал ауруын азайту, шығынға жол бермей, шаруашылықтарға келтіретін зиянды барынша азайту. Жалпы осы ветеринария саласының экономикалық, биологиялық және медициналық санитариялық маңызы да жоғары екенін біздің кейіпкеріміз жақсы біледі. Осы салада 35 жылға жуық еңбек атқарып келе жатқан білікті басшы- еңбек десе ерінбейді, жүрген ортасында абыройлы, қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Аудан көлемінде осы кәсіпорынға тиесілі арнайы мал дәрігері бөлімдерінде барлық жағдай жасалған, көліктермен қамтамасыз етілген,сонымен қатар қызметкерлеріне де тиісті жағдай жасалады. Аудан көлеміндегі мерекелік іс-шараларға қатысып, өз өнерлерін де көрсете алады.
 
Ұжымда жоғары марапат иелері де бар. Ал, ұжым басшысының облыстың, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі еңбек үлесі және ауданның қоғамдық өміріне белсенді араласқаны үшін алған бірнеше жоғары марапаттары бар. Көп балалы отбасыларға көмек көрсетуді – М.М.Тоқужинов мырза жылдағы әдетке айналдырған. Биыл да «Мектепке жол»республикалық акциясына байланысты осы мекеменің бас маманының отбасына көмек көрсетті. 
 
Жалпы осы бөлімде аудан бойынша 95 адам еңбек атқарады. Биыл осы мекеменің жаңа атау алып,қайта тіркелгенге 10 жыл болды. Соңғы 10 жылда атқарылған еселі еңбектің арқасында заң бұзушылық, жұмыс барысында айтарлықтай келеңсіз жағдайлар болған жоқ. Өз ісінің мамандары: М.Шанту,Е.У Қожахметов, О.Н.Жұмабаев,Т.А.Герасимчук, О,Ч.Козловская, Ю.А.Мелещенко, В.Д.Домбровская, П.С.Ветряк, Р.К.Увалиев, А.Е.Курманкулов, А.В.Брунш, Ж.Е.Ертайлақов, К.Б.Қанабаев, Ж.Н.Садвокасов, Р.В.Калинский, А.В.Каравцкий, И.И.Гритченко, М.Ж.Колтубаева және тағы да басқа мамандар күнделікті жұмыстарында асқан белсенділік көрсетуде. Мекемеде қызмет атқарып отырған есепші мамандар О.А.Дик пен Ж.Б.Жусупованың да осы ұйымдағы еңбек үлестері мол. Ал, жас маман В.О.Халыпина болса, мекемедегі мемлекеттік қызметтің заңға сәйкес орындалуына үнемі қадағалау жасап отырады. Сонымен қатар, округтегі ветеринария бөлімінің мамандары да өз ісінің шеберлері. Солардың бірі білікті маман — Ақтоты Солтанханқызы.
 
Қоғамға өте қажетті, асқан жауапкершілікті талап ететін осы мамандық иелеріне айтарымыз: еңбек жолында, жақсы көсеткіштерге жетіп, биік белестерден көріне беріңіздер! 10 жылдық мерейтойларыңыз да құтты болсын!
 
Гүл ЖАМАШҚЫЗЫ.

Еңбегі еселі мал дәрігері

09.09.2022
Қаралым саны: 49