Қазақстандықтар биыл 7 мамыр Отан қорғаушы күнін ерекше атап өтті. Тәуелсіз Қазақстанның Қарулы күштері тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен 1992 жылы 7 мамырда құрылды. Ал 2012 жылы бұл дата мемлекеттік мәртебе иеленді.
Жыл сайын Мемлекет басшысы мереке қарсаңында әскерилер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін марапаттайды. Бұл дәстүр биыл да үзілген жоқ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендерді табыстады.
Қазақстан Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толу құрметіне ардагерлерге де зор құрмет көрсетілді. Осы кезеңде әскеріміз айбынды армияға айналды. Қырағы жауынгерлеріміз ел шебін қас қақпай күзетіп тұр. Олар мемлекеттігімізді нығайтуға зор еңбек сіңіруде. Қарулы күштеріміз – Тәуелсіздіктің мызғымас тұғыры, елдіктің берік қалқаны.Биылғы мерейлі жылды Тайынша ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің қызметкерлері, бөлім бастығы, подполковник Әділ Мухамбетовтың басшылығымен мереке күнін жақсы көрсеткіштермен қарсы алды. Осы салада еңбек майданында жүрген әскери қызметкерлерге барлық жағдайлар жасалған. Сонымен қатар, осы салада еңбек атқарған ардагерлер де ескерусіз қалған емес.
Өткен аптада осы әскери комиссариат бөлімінде кездесу өтті. 30 жылдыққа арналған мерекелік медальдар еңбек ардагерлері мен бүгінгі таңда еңбек атқарып жүрген азаматтарға табыс етілді. Олардың қатарында К.Г. Рожнов, М.Г. Гусев, В.А. Кулинка бар.
04.07.2022
Қаралым саны: 44
Қаралым саны: 44