ЕРЕКШЕ АЛҒЫС АЛАТЫН МАМАНДЫҚ

Ләззат Көкенқызы Жұмыспен қамту орталығында 2011 жылы ашылғаннан бері жұмыс істейді. Ләззат Сәдуақасоваға сеніп тапсырылған бағыттардың бірі – экономикалық потенциалы төмен ауылдардан адамдарды көшіру болды, біздің ауданда ондай ауылдар жетерлік. Кеңес, Жарғайың, Бірлік, Глубокое, Мирное, Тапшыл. 2016 жылы жағдайы қиын аумақтардан қандастарды көшіру бағдарламасы іске асырылды.
 
«Мен осы бағытта 2018 жылға дейін жұмыс істедім. Осы уақытта шамамен 100-ден астам отбасын көшірдік. Әрбір отбасы – бір тағдыр. Көбімен осы күнге дейін араласып тұрамын», - деп ол өткен жұмыс күндерін еске алып отырады.
 
Л. Сәдуақасова әрқашан адамдарға жақсылық жасауға ұмтылып тұратын ерекше жан. Кез келген уақытта, тіпті жұмыстан басқа уақыттарда да жұмыс бойынша ақыл-кеңес беруден жалықпайды.
 
Ләззат Сәдуақасова зейнеткерлікке шығар жасқа да келіп жетті. Алдағы зейнеткерлік демалысында, әрине, қол қусырып отырмайды, демалысқа шыққанда немен айналысатынын белгілеп те қойды. Зейнет жасыңыз құтты болсын. Әлі де болса еңбек етіп, биік белестерден көріне беріңіз.
 
Ал, Денисюк Наталья Анатольевна болса, осы мекемеде 1998 жылдан бері жұмыс істейді. Айтарлықтай 24 жыл бір орында еңбек ету – маманның тұрақтылығын, жауапкершілігін, сенімділігін білдіреді. Ол әлеуметтік көмек көрсету жүйесінің, әлеуметтік қызметші мәртебесінің өзгеруін көрді.
 
Наталья Анатольевна әрқашан жұмысқа зор қуанышпен барады, өйткені оған сандармен жұмыс жасаған ұнайды. Бухгалтерия – ол нақтылық. Егер бір санды жоғалтып алсаң, бәрін қайта бастайсың, ал тапсаң - қуанасың. Уақыт жылжып өтіп жатыр, 24 жылғы еңбегі де енді өткен күннің сағынышпен еске алар белестері болып қала бермек.

ЕРЕКШЕ АЛҒЫС АЛАТЫН МАМАНДЫҚ

ЕРЕКШЕ АЛҒЫС АЛАТЫН МАМАНДЫҚ

02.11.2022
Қаралым саны: 48