БІЛІКТІ МАМАННЫҢ ЕҢБЕГІ БАҒАЛАНДЫ

Тайынша ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Ертай Қайроллаұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т. Дүйсенованың Алғыс хатымен марапатталды. 
 
Е.Қ.Сүлейменов 2019 жылдың маусым айынан бастап Тайынша қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығына маман болып қызмет атқарады. Үш жыл атаулы әлеуметтік көмек бағытында жұмыс істеді, 2022 жылы қоғамдық жұмыстар бағытында жұмыс істеді. Бұл марапатқа дейін де  еңбегі бағаланып құрмет көрсетілген, яғни 2021 жылы аудан әкімі Р. Ә. Аңбаевтың Алғыс хатын алды.
Әрқашан үлкен жауапкершілікпен, еңбекқорлықпен, ынтамен және кәсіби шеберлігімен еңбек етіп келеді. Жұмысына ұқыпты, басқаларға жанашырлық, достық,сөзбен де, іспен де қажетті сәттерде көмектесуге деген ұмтылыс таныта біледі. 
 
Жоғары марапатыңыз құтты болсын!

БІЛІКТІ МАМАННЫҢ ЕҢБЕГІ БАҒАЛАНДЫ

11.11.2022
Қаралым саны: 69