Ардагерлер арасында спартакиада өтті

“Дені саудың – жаны сау” дейді дана халқымыз. Салауатты өмір салтын сақтау, спортпен шұғылдану кез келген адам үшін маңызды. Осы ретте Тайынша ауданының алдыңғы толқын өкілдері, яғни ардагерлер арасында спартакиада болып өтті. Спорттық шараға қатысып, салауатты өмір салтын өздеріне серік еткен тайыншалық ардагерлердің қатары қалың болды. Басты мақсат — бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау. 
 
Спорттық шараға аудан әкімінің орынбасары Гүлбаршын Бәтенова, ардагерлер кеңесінің төрайымы Нина Попова және “Amanat” партиясы Тайынша аудандық филиалының атқарушы хатшысы Мереке Хамзин қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Сайысқа қатысушылар дойбы, шахмат, арқан тарту, веложарыс және басқа да спорт түрлері бойынша бақ сынады. 
 
Асқан белсенділік танытып, жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген алдыңғы толқын өкілдері жүлделі орындарды өз қоржындарына салып, лайықты марапатқа ие болды. Атап айтқанда, медаль, диплом және арнайы сыйлықтарымен марапатталды.
 
Әлбетте, бұл өте жақсы бастама деп білеміз. Өйткені мұндай дәстүрлі спорттық шаралар ардагерлерге күш-қуат беріп, жас ұрпаққа үлгі өнеге болары анық.

Ардагерлер арасында спартакиада өтті

Гүл ЖАМАШҚЫЗЫ, “Тайынша таңы”
05.08.2022
Қаралым саны: 29