«Ақ бидай - 2022» спорт ойындары мәресіне жетті

Ақжар ауданында облыстық дәстүрлі жазғы «Ақ бидай» спартакиадасы өтті. Онда 300-ден астам қатысушы 5 күн бойы волейбол, футбол, баскетбол, шахмат, бокс, нысанаға ату және басқа да, жалпы спорттың 1түрінен жарысып, әрқайсысы өз аудандарының намысын қорғады.

Биыл «Ақ бидай» жазғы спорт мерекесінің жалауы Ақжар ауданында көтерілді. Облыстың барлық ауданынан 300-ден астам спортшы Талшық ауылына келді. Жанкүйерлер үшін ең қызықты спорт түрлерінің бірі бокс болды. 60-тан астам спортшы шаршы алаңға шығып, 8 салмақ дәрежесінде бақ сынады. Сонымен бірге спортшылар гір спортынан, еркін күрестен, ауыр атлетика мен үстел теннисінен жарысты. Бескүндік доданың нәтижесінде Қызылжар ауданының құрамасы жеңімпаз атанды. Екінші орын Ақжар ауданына бұйырып, үздік үштікті Тимирязев ауданының командасы тұйықтады. Тайыншалық спортшылар жүлделі төртінші орында тұрақтады. 

“Тайынша таңы” газетінің өз ақпараты

«Ақ бидай - 2022» спорт ойындары мәресіне жетті

26.07.2022
Қаралым саны: 36